
2026 жылдың 19 ақпан күні сағ. 15:00 – 17:00 аралығында Боровское ауылында, «ПК Вита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Мендықара аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Мендықара – Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Аталған объектінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Мендықара аудандық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1164643?lang=kk

Жауап қалдыру