
2025 жылғы 18-20 наурыз аралығында Шымкент қаласының аумақтық бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы сәтті өткізілді. ✅
Жаттығу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жұмылдыру және жауынгерлік даярлаудың 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында “Төтенше жағдай режимін енгізу кезінде аумақтық қорғаныс бөлімшелерін арнайы өрістету. Қоғамдық қауіпсіздік міндеттерін орындау” тақырыбы бойынша шаралар жүзеге асырылды. Барлық іс-шаралар шартты түрде өткізілді.
Жаттығу кезеңдері:
✅ 18 наурызда аумақтық қорғаныс бөлімшелерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалар тыңдалып, оқу-жаттығуға тартылған лауазымды тұлғалармен әдістемелік және нұсқаулық сабақтар өткізілді.
✅ 19 наурызда техниканы қабылдау пункті ашылып, жеке құрамды қабылдау пункттері құрылды және ұйымдастырылды.
✅ 20 наурызда режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді күзету ұйымдастырылып, аумақтық қорғаныс бөлімшелері блок-бекеттерге орналастырылды.
Жаттығуға Аудан, Басқарма өкілдері, Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі департаменті, сонымен қатар Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жаттығу барысында қойылған міндеттер толық орындалып, қатысушылар өз дағдыларын шыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumyldyru/press/news/details/965147?lang=kk

Жауап қалдыру