Су тасқынына қарсы іс-шаралар Целиноград ауданы прокуратурасының бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, аудан аумағында су тасқынының алдын алуға бағытталған іс-шараларға көшпелі тексеру жүргізді.

Жұмыс сапары барысында Қоянды, Ақжар, Опан және Софиевка ауылдарындағы су өткізу арналары, сондай-ақ су басу қаупі бар учаскелер зерделеніп, олардың нақты техникалық жай-күйі мен су өткізу қабілетіне бағалау жүргізілді.

Қарды шығару, арық-канал желісін тазалау және еріген сулардың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуы мен қарқынына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, су деңгейінің көтерілуі ықтимал жағдайында жедел және коммуналдық қызметтердің дайындығы, қажетті техника мен инертті материалдардың болуы, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету алгоритмі талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1164708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді