
Елімізде 2026 жылғы 9 ақпан – 10 наурыз аралығында «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында ақпараттық науқан өткізілуде. Әйелге құрмет – өркениетті қоғамның айқын белгісі. Заң мен тәртіпке бағыну, адам құқықтарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 17 ақпанында департамент басшысы гендерлік теңдік пен құқықтық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіретін семинар өткізді.
Семинар барысында әйелге деген құрмет тек жеке адамға ғана қатысты емес, сонымен қатар қоғамдағы теңдік пен әділеттілікті нығайтуға, құқықтық және моральдық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Әйелге құрмет көрсете отырып, әркім қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.
#Qurmet
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1164802?lang=kk

Жауап қалдыру