
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел аумағында 19-21 ақпан аралығында “Алкогольсіз аула” профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту, мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.
– Профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлері келесі шараларды жүзеге асырады: әкімшілік учаскелерді аралау, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ІІО-да есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру. Профилактикалық іс-шараны өткізуге волонтерлер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері тартылады.
Құрметті азаматтар, ІІМ сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Құқық бұзушылықтардың кез келген фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ерлан Санатов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1164845?lang=kk

Жауап қалдыру