СҚО полиция қызметкері UAE SWAT Challenge 2026 жарысындағы Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнайы бөлімшелер арасында өткен халықаралық UAE SWAT Challenge 2026 жарысында Қазақстанның «Tomiris» әйелдер құрамасы жоғары кәсіби даярлық көрсетіп, І орынды иеленді. Команда құрамында жерлесіміз, полиция капитаны Дарина Билденова өнер көрсетті.

Дарина 2021 жылдан бері облыстық Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағында қызмет атқарып келеді. Кикбоксингтен спорт шебері.

Өңір басшысының  атынан облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов Дарина Билденованы халықаралық аренадағы жарқын жеңісімен құттықтап, оның жетістігі өңір үшін ерекше мақтаныш екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1164873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді