Рамазан айы құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✅Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
 
✅ Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл қасиетті кезеңде жасалған әрбір ізгі амал мен шынайы ниет адам баласын кемелдікке жетелеп, қоғамымыздағы татулық пен бірлікті нығайта түседі.
Ағайын арасындағы сыйластық артып, жүректерге иман ұялап, әр шаңыраққа береке мен тыныштық орнасын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілеген дұға-тілектеріңіз орындалсын.
 
✅ Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ынтымақ пен бірлік арта берсін. Қасиетті Рамазан айы баршаңызға рухани жаңару мен игіліктің бастауы болғай!
 
Ізгі ниетпен,
Төлеби ауданының әкімі Е. Әлімқұлов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1165021?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді