
2026 жылғы 19 ақпанда Бішкектегі Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапарымен Жапонияның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хирано Рюити келді.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев жапон әріптесін жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, табысты жұмыс тіледі. Қазақстандық елші қазақ-қырғыз қатынастарының негізгі бағыттары мен өңірлік ынтымақтастықтың маңызды қырлары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ дипломаттар Орталық Азия мемлекеттері мен Жапония арасындағы ынтымақтастық, «ОА-Жапония» саммитінің қорытындылары, бірлескен жобалар және алдағы іс-шаралар мәселелерін қызығушылықпен талқылады.
Кездесу сындарлы әрі іскерлік ахуалда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bishkek/press/news/details/1165095?lang=kk

Жауап қалдыру