БЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Төрткүл ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалицияның өкілдері Бақдаулет Құрманбеков, Бостандық Жәкей, Бақытжан Бекбосын, Ғалымжан Зиябек және Есенғали Бөлебай тағы бір маңызды кездесу өткізіп, бұл жолы аудандағы белді білім ордаларының бірі —№ 67 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен жүздесті. Басқосуға мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері қатысып, алдағы конституциялық өзгерістер төңірегінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен қоғамдық маңызына тоқталып, ұстаздар қауымының сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.
Жиында сөз алған коалиция мүшесі Бақдаулет Жұмабеков Конституциялық өзгерістер елдің басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Ол референдум — халық еркін білдіретін маңызды демократиялық құрал екенін айтып, әр азаматтың саналы түрде қатысуы ортақ жауапкершіліктің көрінісі екенін түсіндірді.
Кездесу соңында мектеп ұстаздары мен қызметкерлері алдағы саяси науқанға қолдау білдіретіндерін жеткізіп, біркісідей атсалысып қатысатындарын айтты. Басқосу өзара пікір алмасуға және маңызды мәселелерді нақтылап алуға мүмкіндік берген мазмұнды жиын ретінде бағаланды.
@актуальное

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1165168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді