Физика пәні мұғалімдері арасында аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2026 жылдың 18 ақпан күні «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-де «Физика пәнін оқытуда заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында физика пәні мұғалімдері арасында аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – физика пәнін оқыту үдерісінде заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект технологияларын тиімді интеграциялау арқылы білім сапасын арттыру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтудің жолдарын айқындау.

Семинарды мектеп директоры Ожаева Ардақ Сайлауовна ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Құрманғалиева Нұргүл Ақановна семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырып, бағдарламаға сәйкес өткізілетін іс-шараларға тоқталды. Семинар мектеп оқушыларының әдеби-сазды таныстырылымымен басталды.

Семинар барысында «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің физика-информатика пәні мұғалімі Ержан Динара 8-сыныпта «Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль–Ленц заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Аталған мектептің физика пәні мұғалімі Оралғазиев Қуаныш Бахытбекұлы «PhysicAI – смартфондағы зертхана» (7–9 сыныптар) тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жұмаділова Наурызай Тоқтарғазықызы «ЖИ арқылы бағалау және кері байланыс беру» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолданудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Оралғазиев Қуаныш Бахытбекұлы мен Ержан Динара «ЖИ – мұғалімнің цифрлық көмекшісі» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, аудан мектептерінен келген ұстаздармен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұргүл Ақановна іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарды аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапаттады.

Іс-тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Барша ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1165330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді