Қызылордада заңсыз аңшылықпен айналысқандар жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Полиция департаменті 2026 жылғы 5–25 ақпан аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғатты қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымының жолын кесу және экологиялық қылмыстардың алдын алу.
Өткізілген шаралар нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 148 дерегі анықталды. Оның ішінде 140 дерек заңсыз аңшылыққа қатысты, 1 дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тіркелді. Сонымен қатар, балық аулау қағидаларын бұзудың 8 фактісі анықталып, тіркелмеген 3 атыс қаруы тәркіленді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданған.
Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Заң талаптарын сақтау – қоршаған ортаны қорғау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1165300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді