Түркістан облысында полицейлер 200-ге тарта студентке дәріс өтті 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының полицейлері “Адал азамат” жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды іс-шара өткізіп жатыр. Соның бірі – Түркістан қаласындағы “Жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде” өтті.

Жас буынмен кездесуге өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев арнайы барды. Мақсат – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және бойларында адалдық қағидаларын нығайту.

200-ге тарта студент жиналған шарада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық кодекс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң жан-жақты түсіндірілді.

– Адал білім, таза еңбек, әділ ұстаным – нағыз табыстың негізі. Сіздер – ертеңгі елге қызмет ететін мемлекеттік қызметкерсіздер. Сондықтан бүгіннен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырыңыздар. Пара бергенде, алғанда, арасында делдал болғанда қылмыстық жауаптылықтан қаша алмайды. Заң бұл тұрғыда қатал, – деп атап өтті Нұрбол Мырзатаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді