
Түркістан қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Жалпы қала аумағында барлығы 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше күнделікті, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына бір рет санитарлық тазалау жұмыстарымен қамтылып отыр.
Қала көшелерінен ай сайын шамамен 1950–2200 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы полигонға шығарылып отырады.
Қоқыс жинау жүйесін жақсарту мақсатында қала аумағында 500-ден астам жаңа қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар, жарамсыз күйге түскен қоқыс жәшіктері жөнделіп, бұрын контейнер қойылмаған аумақтарға ауыстырылды.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 1262 қоқыс алаңшасы мен 2719 қоқыс контейнері бар. Қалдықтарды уақытылы шығару үшін 34 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды үш мекеме атқарады. Сонымен қатар, көгалдандырумен екі мекеме айналысады. Ал тазалық пен көгалдандыру жұмыстары бойынша жеті кәсіпкермен келісімшарт жасалған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1165401?lang=kk

Жауап қалдыру