
2026 жылдың 19 ақпан күні «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі есебінің жария талқылауы өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы мәселелері қарастырылды.
Жария талқылаудың нәтижесі бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-karakemer/press/news/details/1165396?lang=kk

Жауап қалдыру