Гүлдана Кенжеқарақызы басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Ерлан Жүнісбайдың бұйрығымен Серікбаева Гүлдана Кенжеқарақызы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тағайындау меритократия қағидатына сәйкес жүзеге асырылды. Яғни, кәсіби біліктілігі жоғары, салада тәжірибесі мол, өз ісіне адал әрі нәтижелі еңбек еткен мамандарға басымдық берілді.

Серікбаева Гүлдана Кенжеқарақызы 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1995-1999 жылдары аралығында Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2004-2007 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің Тараз институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы болып бастаған.

2000 жылдың тамыз айынан Жамбыл облысы әкімиятының мәдениет басқармасының өнер бөлімінің маманы болып бастап, жетекші маман, бас маманы болып жұмыс істеген.

2005-2013 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасында талдау және кадрлық жұмыс, құжаттама және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы;

2013-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы, персоналды басқару және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

2019-2024 жылдары аталған басқарманың әкімшілік бөлімінің, әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы;

2024 жылдың 10 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Көпжылдық тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті жаңа қызметінде де нәтижелі жұмыс істеуге негіз болары сөзсіз. Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1165436?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді