
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық білім басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Копдикбаев және Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев қатысты.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай модераторлық етті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи бағыттары мен басымдықтары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң ұстану мәселелері бойынша түсіндіру және ағарту жұмыстары жүргізілді.
Жиында мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы жаңашылдықтар мен өзгерістер де қозғалып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттырып, әдеп қағидаттарын берік ұстануға бағытталған маңызды алаң екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1165471?lang=kk

Жауап қалдыру