
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтіп жатыр. Іс-шара кітапханалардың цифрлық дамуын жеделдету, заманауи технологияларды енгізу және қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Семинар-тренингке кітапхана мамандары, IT-сарапшылар және ақпараттық технологиялар саласының өкілдері қатысып, каталогтау үдерісін жетілдіру, іздеу жүйелерін қолдану, электрондық қорларды қалыптастыру және толықмәтінді құжаттармен жұмыс жасау бойынша тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар шеберлік сағатында авторлық LibLab жобасы таныстырылды. LibLab жасанды интеллект негізінде әзірленген цифрлық құрал ретінде библиографиялық сипаттама жасау, каталогтау үдерісін оңтайландыру, ақпараттық сұраныстарға жылдам жауап беру, мәтіндерді талдау және ресми құжаттар әзірлеу бағытында кітапханашыларға қолдау көрсетеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1165495?lang=kk

Жауап қалдыру