
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен жанашырлықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың айы. Бұл – адам баласын кешірімшіл болуға, жүрекке иман ұялатуға, айналасына қамқорлық танытуға үндейтін ерекше кезең. Қасиетті айда жасалған әрбір игі іс пен шынайы ниет қоғамымыздағы бірлік пен татулықты нығайта түседі.
Берекелі Рамазан – халқымыздың дәстүрімен, ұлттық құндылықтарымен астасып жатқан ұлық уақыт. Ағайын арасындағы сыйластықты арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді дәріптейтін бұл ай – ізгіліктің жарқын үлгісі.
Қадірлі жерлестер!
Осынау қасиетті айда әр шаңыраққа амандық пен тыныштық, молшылық пен береке тілеймін. Алла Тағала ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Жүректеріңізге нұр, отбасыларыңызға шаттық, еңбектеріңізге табыс берсін!
Рамазан айы баршаңызға құтты болсын!
Құрметпен,
Ақтау қаласының әкімі
Әбілқайыр Байпақов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1165529?lang=kk

Жауап қалдыру