Бүгін, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңір басшысы облыс көлеміндегі 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталып, атқарылған жұмыстарды саралады. Өткен жылы облыста өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салаларында оң өсім қалыптасып, іске асырылған бірқатар инвестициялық жобаларға тоқталып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, жол және коммуналдық жүйелерді жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, өңір басшысы тарапынан алдағы кезеңге арналған жоспарлар жобасымен таныстырылып, инвестициялық жобалар мен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау және халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс басшысы барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын атап өтіп, жауапты құзырлы мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, халық пен жергілікті билік арасындағы кері байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Жауап қалдыру