
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сіздерге Бәйтерек ауданы бойынша жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Инватакси қызметтері ұсынылатынын хабарлайды.
Аталған қызметті төмендегі санаттағы адамдар ала алады:
– Арбадағы мүгедектігі бар адамдар;
– Тірек қимыл аппараты бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
– Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар;
– І топтағы мүгедектігі бар балалар;
– 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар;
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:
– Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
– Оқу орны;
– Жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
– Сот, прокуратура;
– Әлеуметтік сала объектілері;
– Заңгерлік мекемелер;
– Нотариус;
– Медициналық мекемелер (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда)
– Әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
– Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
Бәйтерек ауданы бойынша «Белый Парус» МҚБ инватакси қызметін көрсетеді. (Қажетті құжаттар: жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, 026 нысандағы анықтама)
Барлық сұрақтар бойынша 8-707-161-33-95 хабарласуларыңыз сұралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1165607?lang=kk

Жауап қалдыру