Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ардақты ағайын!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – берекесі мол, мейірім мен шапағатқа толы ерекше ай. Бұл – әрбір жанның ізгі істерін арттырып, жақсылыққа ұмтылатын, мұқтажға қол ұшын беріп, артық-ауыстан арылатын қастерлі кезеңі.

Ата-бабамыздың асыл дәстүрі де бұл кезеңде татулық пен бауырмалдықтың қадірін арттырып, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үндейді.
Қастерлі айда тұтас ел болып жаңа Ата заңымыз үшін таңдау жасаймыз.
Қазақ елінің Басты құжаты әр адамның тұрмыс сапасын арттыруды көздейді.

Жаңа Конституция – тәуелсіздік пен отаншылдықты, бірлік пен ынтымақты, әділдік пен жауапкершілікті, заң мен тәртіпті, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікті, жасампаздық пен жаңашылдықты халқымыздың берік іргетасы етіп орнықтырады.
Бұл жолда ақтөбеліктердің тарихи шешімнің қабылдануынан сырт қалмайтынына сенімдімін.

Қадірлі жерлестер!

Рамазан шаңырақтарыңызға шаттық, амандық, ырыс-береке, бақ-дәулет әкелсін.

Қарттарымыз қуатты, балаларымыз бақытты болып, өңіріміз өсіп-өркендей берсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1165630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді