«Заң және тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде құқықтық сауаттылық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде құқықтық сауаттылық» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық санада заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту болды.

Семинар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» басым міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Іс-шара барысында университет ұжымы мен студенттердің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы С. Ахметжановпен кездесуі өтті.

Саян Ахметжанов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларының тиімділігін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді қатысуға тарту екенін атап өтті. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.

Семинар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, бұл олардың талқылаулар мен пікірталастарға белсенді қатысуымен расталды. Жастар қарастырылып отырған мәселелер бойынша дәлелді пікірлерін білдіріп, заңдылық пен құқықтық сана қағидаттарын хабардар екендіктерін және терең түсінетіндіктерін көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытқаны үшін университет оқытушылары мен студенттері қатарындағы антикор волонтерлерге алғыс хаттар тапсырылды.

Мұндай іс-шаралар пікір алмасу үшін тиімді алаң болып табылады, студенттер арасында құқықтық мәдениетті дамытуға және олардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/965322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді