
АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚЫСТАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Президент Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ернар Есіркепов кезекті кездесуді Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарларды баяндады.
Жалпы бүгінгі күні Қарақыстақ тауының етегінде орналасқан Gakku Qus ЖШС-нің жобалық құны 4,5 млрд теңгені құрайтын заманауи құс фабрикасы құрылысының бірінші кезеңі іске асырылып жатыр. Аталған жоба ауданныңинвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретіндігін атап қажет.
Кездесу барысында тері өңдеу бағыты бойынша инвестициялық жоба тарту, ауылдағы балабақша отқаназандығын көгілдір отынға көшіру, сондай-ақ өзге де мәселелер талқыланып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Одан бөлек кездесуде 15 наурызда өтетін Республикалық референдумның маңызына тоқталып, Жаңа Ата Заң жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жөнінде тұрғындарға түсіндірме берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1165621?lang=kk

Жауап қалдыру