
Семей қаласы мәслихатының депутаты Рауан Есмағанбетов азаматтарды кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында депутатқа көпбалалы аналар жүгінді. Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шараларын алу, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту мәселелері көтерілді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалды.
Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1165645?lang=kk

Жауап қалдыру