
2025 жылдың 28 наурызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің мамандары тоқсан сайынғы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Ашық есік күнінде облыс пен Петропавл қаласының тұрғындары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы, мүгедектігі бар адамдар үшін, сондай-ақ халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік мәселесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Әлеуметтік мәселелер бойынша барлығы 25 адам жүгінген.
Барлық қызықтырған сұрақтарға мамандар заңнамаларға сәйкес түсініктеме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/965357?lang=kk

Жауап қалдыру