
ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАНДЫ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАР
Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 18 ақпанда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің базасында «Демонстрациялық емтиханды өткізу кезінде бағалаудың әдістемелік негіздері мен тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарды Әдістемелік орталық және өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды.
Тақырыптың өзектілігі білім алушылардың даярлық сапасын тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру және аралық әрі қорытынды аттестаттау рәсімдеріне құзыреттілік тәсілді енгізу қажеттілігімен айқындалады.
Семинар барысында демонстрациялық емтиханды ұйымдастырудың нормативтік және әдістемелік негіздері; емтихан тапсырмаларын әзірлеу қағидаттары; бағалау критерийлері мен көрсеткіштерінің құрылымы; бағалау парақтарын рәсімдеу және толтыру талаптары; сараптамалық комиссияның рөлі, оның ішінде жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуы қарастырылды.
Семинар-практикумның теориялық бөлімінде WorldSkills ұлттық чемпионатының бас сарапшылары, демонстрациялық емтихан өткізу бойынша тәжірибесі мол педагогтер, сондай-ақ жұмыс беруші өкілі сөз сөйледі. Бұл іс-шараның практикалық бағытын күшейтіп, білім беру ұйымы мен өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етті.
Практикалық бөлім аясында қатысушылар спикерлермен бірлесіп бағалау кестелерінің сызбаларын рәсімдеді, өз бейіні бойынша бағалау құрылымын (критерийлер, ішкі критерийлер, аспектілер, аспект сипаттамасы) әзірледі. Қатысушылар бағалау парақтарымен жұмыс істеп, балл қою кезіндегі жиі кездесетін қателіктерді талдады, тапсырмаларды орындау нәтижелерін бағалаудағы объективтілік пен бірыңғай тәсілдер мәселелерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша демонстрациялық емтиханды өткізуге қатысты әдістемелік тәсілдер жүйелендірілді; бағалау критерийлері мен көрсеткіштері нақтыланды; бағалау материалдарын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптар айқындалды.
Семинарды өткізу демонстрациялық емтиханға дайындық сапасын арттыруға және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін объективті бағалау жүйесін жетілдіруге ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1165859?lang=kk

Жауап қалдыру