
2026 жылғы 19 ақпанда Қостанай жоғары педагогикалық колледжі алаңында DARYA SCAFFOLD республикалық пилоттық жобасы аясында облыстық семинар өтті. Семинарға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты.
Қостанай облысының педагогтері Scaffold технологиясының мүмкіндіктерімен танысып, тиімді сабақ құру, Адал Азамат бағдарламасы құндылықтарын дамыту, ашық оқу сабақтар мен цифрлық, кәсіпкерлік, экологиялық және әлеуметтік құзыреттерге бағытталған шеберлік сағаттарына қатысты.
Scaffold-Lab – кәсіби өсудің, тәжірибе алмасудың және жаңа идеялардың алаңы. Заманауи педагог – шабыттандырады, дамытады, нәтижеге жетелейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1165857?lang=kk

Жауап қалдыру