
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ
Қостанай қаласында парадзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр аймағынан келген татами шеберлері қатысқан бәсекеде түркістандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Атап айтар болсақ, 81 келіде сынға түскен Бексұлтан Қалмырза барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды. Ал, 95 келіден жоғары салмақта сынға түскен Бағланбек Оңалбек, 70 келіде өнер көрсеткен Ақтолқын Сейілбекова мен Анора Махамматова күміс медальді қоржынға салды. Сондай-ақ, Дилорам Дыханова 60 келіде және Жанболат Полатқан 70 келіде өнер көрсетіп, қола медальдарға қол жеткізді. Бұл нәтиже — спортшылардың жүйелі дайындығы мен бапкерлердің еңбегінің жемісі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1165942?lang=kk

Жауап қалдыру