Жеделдік пен жанашырлық: Жамбыл облысының Полиция департаментінде балаларға көмек көрсеткен қызметкерлер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеделдік пен жанашырлық: Жамбыл облысының Полиция департаментінде балаларға көмек көрсеткен қызметкерлер марапатталды

Полиция департаменті басшылығының атына кәмелетке толмаған балаларға көмек көрсеткен полицейлерге ата-аналар алғыс білдірген хаттар келіп түсті. Алғыс айтуға олардың кәсібилігі мен азаматтарға деген мұқият қарым-қатынасы негіз болған.

Атап айтсақ, мектепке бара жатқан жолда адасып кеткен 8 жастағы оқушы қызға көмектескен патрульдік полиция қызметкерлеріне қыздың анасы ризашылығын білдірді. Аумақты патрульдеу барысында жол жиегінде жылап тұрған қызды байқаған полиция экипажы тоқтап, оның жағдайын сұрап, жұбатып, тәттілер беріп, аман-есен мектепке жеткізген.

Тағы бір жағдайда 11 жастағы бала қоғамдық көлікте ұялы телефонын ұмытып кеткен. Не істерін білмеген ол жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлерін көріп, көмек сұраған. Полицейлер дереу Жедел басқару орталығына хабар беріп, қалалық бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағытын анықтаған. Үйлесімді және жедел әрекеттің нәтижесінде автобус уақытында тоқтатылып, жоғалған ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Алғыс хаттармен полиция майоры Азат Смағұлов, полиция капитандары Руслан Аяпбергенов пен Бахтияр Рахметбаев, сондай-ақ полиция аға лейтенанты Ернұр Төлеубаев марапатталды. Іс-шара барысында оқушы қыздың анасы қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы мен жеделдігі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев адамдарға, әсіресе балаларға дер кезінде көмек көрсету жоғары кәсібилікпен қатар шынайы адами жанашырлықты талап ететінін атап өтті.

— Кейбіреулер үшін мұндай жағдайлар күнделікті немесе елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, қоғамның полицияға деген сенімі дәл осындай игі істерден қалыптасады. Жауапкершілік және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болу — әрбір полицейге тән қасиет болу керек — деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1165924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді