
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Ергешов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қоғамдық қауіпсіздік және Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармаларының ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесуге Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы, Тұрғын үй иснпекциясының қызметкерлері, Департамент басшылығы және Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тиісті сала қызметкерлері қатысты.
Шараның басты мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлер мен олардың аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ интернет – алаяқтардан сақтану шараларын арттыру.
Өз сөзінде Департамент бастығы Серік Ергешов қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтті.
«Заң мен Тәртіп – бұл жекелеген талаптар жиынтығы емес, бұл қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидаты. Қауіпсіздік дегеніміз – әр азаматтың өз ауласында, өз үйінде алаңсыз өмір сүруі. Ал сол қауіпсіз ортаны қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары – қоғамдық тәртіптің айнасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1165922?lang=kk

Жауап қалдыру