
Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Шымкент әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында «Нипах вирусынан сақ болыңыз!» тақырыбында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, індеттің алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Нипах вирусы – адамға жарқанаттардан, шошқалардан, сондай-ақ ластанған азық-түлік пен науқас адаммен тығыз қарым-қатынас арқылы жұғатын қауіпті зооноздық инфекция. Қазіргі уақытта Батыс Бенгалия штатында (Үндістан) аталған вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелді. Нипах вирусына қарсы вакцина да, нақты емі де жоқ, сондықтан алдын алу шараларын сақтау аса маңызды. Егер Нипах вирусы анықталған өңірлерге сапар жоспарлап отырсаңыз, мына сақтық шараларын ұстаныңыз:
Жарқанаттармен, шошқалармен және басқа да жабайы жануарлармен байланысқа түспеңіз;
Қолды сабынмен жиі жуып, антисептик пайдаланыңыз;
Тек қауіпсіз (қайнатылған немесе бөтелкедегі) ауыз суды ішіңіз;
Шикі финик шырынын және жануарлар ластауы мүмкін тағамдарды тұтынбаңыз;
Жеміс-жидектер мен көкөністерді мұқият жуып, қабығын аршып пайдаланыңыз. Егер сапардан кейін дене қызуының көтерілуі, жөтел, қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, шетелге шыққаныңыз туралы міндетті түрде хабарлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1165995?lang=kk

Жауап қалдыру