Бүгін, 19 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Сейілбекұлы Байсалов Сырым ауданына іс-сапармен келді.
Іс-шаралардың барлығына аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Іс-сапар барысында ол алдымен Сырым ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысып, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне назар аударды. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуы және сервистік мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Одан кейін аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен М.Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханада мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағыттары қаралды. Жиында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғындар өтініштерін уақтылы қарау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сапар аясында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары, кәсіби жауапкершілік, адалдық қағидаттары және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы маңызы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Жастар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
Сонымен қатар аудан активінің жиналысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, қызмет сапасын арттыру және тәртіп пен жауапкершілікті күшейту бағытындағы міндеттер талқыланды. Жиыннан кейін азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндірмелер мен шешу жолдары ұсынылды. Аталған іс-сапар мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1165978?lang=kk

Жауап қалдыру