2026 жылдың 19 ақпанында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапановтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Отырыс барысында пробация қызметінің 2025 жылға есепте тұрған адамдармен жұмысының нәтижелері, Новоишим ауылдық округі әкімінің қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қарастырылды.
Бөлім басшысы Б.Қ. Әмрина
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1166146?lang=kk

Жауап қалдыру