«Жылдамдықты азайт – өмірді сақта»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданы прокуратурасымен тұрақты негізде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.

«Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» акциясы аясында аудан прокуратурасының үйлестіруімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейд ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 17 тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасының үйлестіруімен әкімшілік полиция және жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен, автожолдардың ең қауіпті учаскелеріне визуалды қарау жүргізілді. «Алматы – Бесмойнақ» автожолы бойындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын 3 қауіпті учаскесі анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

#Заң_мен_тәртіп

#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1166255?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді