
Павлодар өңірінде жергілікті атқарушы органдар орманшылықтармен бірлесіп су айдындарының, бау-бақша алқаптарының, орман қорының жанында және елді мекендердің периметрі бойынша құрғақ шөп тұрған жерлерді шабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар өрт қауіпті маусымға дайындық шеңберінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі бекіткен Павлодар облысының аумағында орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес автокөлік және темір жолдар, электр беру желілері бойындағы, ауылдар мен орман қоры учаскелерінің айналасындағы орман белдеулерін жырту жоспарланған. Жұмыстар дер құрғаған кезде орындалады.
Іс-шаралардың мақсаты-өрттің алдын алу және елді мекендер мен инфрақұрылым объектілеріне өрттің таралу қаупін азайту болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1166304?lang=kk

Жауап қалдыру