HERIOT-WATT УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН AOLT ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

HERIOT-WATT УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН AOLT ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

Бүгін Жұбанов университетінің базасында британдық Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін кезекті AOLT ағылшын тілі емтиханы өтті.

Бұл емтиханға 70-тен астам адам қатысты. Айта кету керек, бұл жолы үміткерлердің географиясы айтарлықтай кеңейген. Ақтөбе және Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, емтиханға Атырау және Қарағанды облыстарынан да талапкерлер келді. Бұл Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының елімізде танымалдылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінде үш мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізілуде: «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті», «Электроэнергетика», «Компьютерлік инженерия».

AOLT – тегін тілдік емтихан, ол IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған талапкерлер үшін өткізіледі.

Сонымен қатар Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті.

Ағылшын тілі емтиханы әр сенбі сайын Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайында өтеді.

 

Толық ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады:

WhatsApp: 8 747 518 35 83

Call centre: 8 778 550 91 95

Call centre: 8 776 786 12 85

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/965453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді