Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 ақпан 2026 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Қасымбеков тұрғындармен жүздесіп, өңірдің өзекті мәселелері мен алдағы жоспарларды кеңінен талқылады. Кездесу барысында жол сапасы, көше жарығы, ауыз су жүйесі және елді мекенді абаттандыру мәселелері көтеріліп, халықтың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

🔹Кездесуде бұған дейін айтылған мәселелердің орындалу барысы сараланып, атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Тиісті сала мамандары нақты түсіндірмелер беріп, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды. Көтерілген әрбір мәселе бақылауға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-ashchybulak/press/news/details/1166291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді