Талдықорғанда жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегі тоқтатылды: мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кезекті патрульдеу барысында қозғалыс мәнері күмән тудырған автокөлікті тоқтатты.

Тексеру барысында рөлде Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Ол Changan Uni-T маркалы автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған. Жүргізуші өз әрекетінің қауіптілігін сезінбей, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қатер төндірген.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, азаматтың орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жыл басынан бері Талдықорғанда мас күйде көлік басқарған 24 жүргізуші анықталды. Бұл — дер кезінде тоқтатылмаса, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін болған 24 ықтимал қауіпті оқиға.

Полиция өкілдерінің айтуынша:
«Әрбір мас жүргізуші — адам өміріне төнген тікелей қауіп. Біздің мақсат — жазалау емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету».

Алкогольдік масаң күйде көлік басқару — жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатын ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.

Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау — әрбір қатысушының міндеті. Жолдағы қауіпсіздік — жеке жауапкершіліктен басталады.

#заңментәртіп
#құқықбұзушылыққажолжоқ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1166317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді