
Округте Қытайға қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер мен пікірлердің алдын алу, деструктивті көріністерге жол бермеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды.
🔹Округ әкімі Б. Қасымбеков арандатушылық әрекеттердің қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтып, заң талаптарын сақтау және жалған ақпараттың таралуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
🔹Іле ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Тоқашбаев қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттің орнықты дамуының басты кепілі екенін жеткізді. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау – ортақ міндет екені атап өтілді. Алдын алу және түсіндіру жұмыстары қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға негіз болатыны баса айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-ashchybulak/press/news/details/1166312?lang=kk

Жауап қалдыру