Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданы полициясына 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылғы қараша айында бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сеніміне кіру арқылы оның 200 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа күдікті ретінде Семей қаласының 31 жастағы тұрғынын полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Алайда ұрланған қаражат тәркіленген жоқ, себебі ол жұмсалып кеткен.

Аталған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.

Полиция азаматтарға ескертеді:
құжаттарды алуға «көмек» ұсынатын делдалдарға сенбеңіздер; барлық мемлекеттік қызметтер заңды тәртіппен ғана көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1166342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді