
2026 жылғы 20 ақпанда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Нұрлан Зарлықұлы Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар Жітіқара аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының есептерін, сондай-ақ Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы есепті тыңдады.
Сессия жұмысына Жітіқара ауданының әкімі және оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, күш құрылымдарының басшылары, қалалардың, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қоғамдық кеңестің өкілдері, ауданның құрметті азаматтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1166372?lang=kk

Жауап қалдыру