Бүгін, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес Созақ ауданында орналасқан «Ғибрат бөбекжай балабақшасы» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, балабақша қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Нұрбек Әбдібекұлы балабақша қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына, жалақы қарыздары, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарына қатысты заңдылықтардың сақталуы, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме беріп өтті.
Жауап қалдыру