Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жұмыс кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы тәжірибесі мен нормаларын түсіндіру» тақырыбы бойынша Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Абдуллина А.А. және судьялары Султанова Ж.А., Абилгазина А.Ж. баяндамалар жасап, аталған Кодекстің қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Жусупов А.М. және судья Казтуганова Б.А. баяндама жасап, заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Т.Ж. Искарин қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1166386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді