Құрметті тұрғындар! Соңғы уақытта «шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты шағымдар көбейіп отыр.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келіп түскен шағымдарда:
– лицензиясыз немесе тиісті біліктіліксіз қызмет көрсету;
– санитариялық талаптардың сақталмауы;
– стерильділік нормаларының бұзылуы;
– тіркелмеген препараттарды қолдану;
– ауыр диагноздарды «толық емдеп жазамыз» деген жалған уәделер беру фактілері көрсетілген.
Мұндай жағдайлар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Еске саламыз:
Қазақстанда аталған қызмет түрлері медициналық қызмет болып саналады және міндетті түрде лицензиялануы тиіс.
Ем қабылдар алдында міндетті түрде:
Медициналық лицензиясын
Мамандардың дипломы мен сертификаттарын
Қолданылатын дәрілік заттардың тіркелуін тексеріңіз
Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз!
Күмәнді немесе заңсыз қызмет көрсету деректері анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-densaulyk/press/news/details/1166433?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді