
2026 жылғы 20 ақпанда “№ 1 Новоишим ОМ” КММ-де білім бөлімінің басшысы Э. М. Карабаеваның төрағалығымен “Балалардың қауіпсіздігі: буллингтің, суицидтік мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу” атты кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыс жұмысына психологиялық қолдау орталығының директоры Н.В. Качалкина, сондай-ақ білім бөлімінің, полицияның, аудан прокуратурасының және Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында білім алушылардың психологиялық және құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, тәуекел факторларын ерте анықтаудың және “тәуекел тобындағы”балаларды сүйемелдеудің негізгі мәселелері қаралды.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарындағы профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтарға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1166425?lang=kk

Жауап қалдыру