Түсіндіру жұмыстары жұргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде 2026 жылдың 19 ақпанында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қадырбеков қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.01.2025 жылғы №8 бұйрығына қосымша Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 1.1, 1.2. бөліктеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүргізіп, баяндама жасады. Мемлекеттік қызметкерлер Әдеп кодексінің ұстанымдарын сақтауға, мемлекеттік қызметкерлерге қойылған шектеуліктер айтылып, әсіресе соңғы кезде жиі кездесіп жатқан құмар ойындарына бас тігу мәселесі талқыланып, егер мемлекеттік қызметкерде осындай жағдай орындалып, дәлелденсе, мемлекеттік қызметкер теріс себеппен жұмыстан шығарылатыны айтылды. Тағы да 2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтетін республикалық референдум талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмалары аясында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділікке негізделген тұрақты қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған тақырыбта Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі М.Игликова баяндама жасады. Алып қашу немесе некеге тұруға мәжбүрлеу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатыны (ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жеткізілді, мұндай әрекеттердің белгілері мен құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сталкинг – жәбірленушінің еркінен тыс қудалау, оның ішінде онлайн форматтағы қудалау екені және бұл Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес дербес қылмыс болып табылатыны түсіндіріледі. Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымы енген заңға қол қойды. Бұл түзету азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды, заң 2025 жылдың 16 қыркүйегінде күшіне енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1166453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді