Бүгін елордалық СЭБД басшысы Айгүл Шағалтаева 2025 жылғы қызметті қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған кеңеске СЭБД басшы орынбасарлары мен бөлім басшылары, сондай-ақ, аудандық СЭББ басшылары мен олардың орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
Департамент басшысы өзінің кіріспе сөзінде өткен жыл барлығына оңай болмағандығын және жұқпалы аурулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қандай күш жұмсалғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол бақылау-қадағалау қызметінің орындалуы және ұжымдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде айтты.
«Штат бірліктерінің жеткіліксіздігіне қарамастан, алға қойылған міндеттер орындалды деп санаймын. Дегенмен, ағымдағы жылы жұмыс сапасын арттыру қажет, өйткені бірқатар кемшіліктер әлі де орын алуда», — деп атап өтті елорданың бас санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева.
Кеңестің бағдарламасына сәйкес әр түрлі блоктар бойынша СЭБД басшысының үш орынбасары өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Орынбасарлардың сөз сөйлеуі барысында бірқатар мәселелер талқыланып, ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.
Жауап қалдыру