
Бүгін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп «2026 жылғы конституциялық реформа: саяси жүйені жаңғырту және жаңа құқықтық институттар» тақырыбында ауқымды сараптамалық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара еліміздің жетекші сарапшыларының, орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерінің, Парламент депутаттарының, судьялар корпусының, сондай-ақ көрнекті құқықтанушы ғалымдардың басын қосты.
Отырыс барысында қатысушылар конституциялық жаңашылдықтардың саяси жүйені жаңғыртумен өзара байланысын егжей-тегжейлі қарастырды. Сарапшылардың назарында бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу, Қазақстан Халық Кеңесін құру, мемлекеттік басқару жүйесіне Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кеңейтілген кепілдіктері арқылы мемлекеттің адамға бағдарлануын нығайту сияқты аса маңызды қайта құрулар болды.
Қатысушылар өз сөздерінде 2026 жылғы реформа мемлекеттік билік архитектурасын жаңарту үшін берік іргетас қалайтынын атап өтті. Сондай-ақ сарапшылар болып жатқан өзгерістерді терең ғылыми және талдамалық сүйемелдеудің ерекше маңыздылығын, бұл олардың еліміздің құқықтық жүйесіне қайшылықтарсыз және коллизияларсыз табысты бірігуі үшін қажет екенін баса айтты.
Іс-шара қорытындысы бойынша заң шығарушылар, ғылыми қауымдастық және мемлекеттік институттар үшін практикалық ұсынымдар әзірленуде. Бұл ұсыныстар конституциялық жаңашылдықтарды ұлттық заңнамаға тиімді әрі жүйелі түрде енгізуге ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1166526?lang=kk

Жауап қалдыру