Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық Референдум туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті отандастар!
 
2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 410 сайлау учаскесінде (мекенжайы: 59, rue Pierre Charron, 75008 Paris) жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық Референдум өтеді.
 
Сіздің Референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу.
 
№ 410 учаскедегі Референдумға қатысушылар тізіміне Франция аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, жарамды ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі бар азаматтары енгізіледі.
 
Құрметті азаматтар,
Референдумға қатысушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала өз деректеріңізді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум 2026» деген белгімен strasbourg@mfa.kzkazakhstangrandest@gmail.com электрондық пошталарына жолдауларыңызды сұраймыз.
 
Референдум күні өзіңізбен бірге ҚР азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
 
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +33 3 88 69 75 13
 
Сіздерді референдумға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1166606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді