АУДАН ӘКІМІ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫ МЕН ЖӨНДЕЛЕТІН КӨШЕЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандағы абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың жай-күйін бақылап шықты.
Сапар ауданға кіреберістен басталды. Аудан басшысы кіреберістегі баннерлерді жаңарту, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүйелеу, ескерткіш мүсіндерді сырлау, «Аялы алақан» формасындағы көгалдандыру аймағын ақтау және қосымша ағаш көшеттерін отырғызу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Бұдан кейін Арман Романұлы ағымдағы жылы жөндеуден өткізілетін көшелердің бүгінгі жағдайымен танысты. Жалпы, 2026 жылы қала аумағында 11 көше орташа жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу шаралары аяқталып, “Prof-Facade”, “ЖолСуҚұрылыс” ЖШС-лары мердігер мекемелер болып анықталған.
Аудан әкімі жауапты сала мамандарына жол жөндеу жұмыстарын ауа райының қолайлығына қарай көктем мезгілінде бастауды және сапалы әрі мерзімінде атқарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қала келбетін жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1166744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді